“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” құндылығы аясында өткен “Жасыл апта” республикалық экологиялық челленджі барысында мектеп ұжымы қалалық деңгейде Теңіз жағалауына сенбілікке шықты.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және еңбексүйгіштікке баулу.
Сенбілік барысында жағалау аумағы қоқыстан тазартылып, айналаны көркейту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара ұжымның бірлігін нығайтып, экологиялық сана-сезімді дамытуға ықпал етті.