7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Саламатты мектеп» жобасы аясында оқушыларға арналған танымдық түсіндірме сабақ өткізілді 🩺
Сабақ барысында оқушыларға салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің маңызы және жеке гигиена ережелері туралы маңызды ақпараттар берілді.
Мақсат — жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу 💚