Skip to content

МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА: БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ

«МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА: БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ» іс-шарасы аясында 04.05 күні ата-аналарға арналған
«Отбасындағы тиімді қарым-қатынас» атты тренинг өткізілді.

Тренинг барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату жолдары, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Қатысушылар түрлі психологиялық жаттығуларға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстың маңызын арттыру.

Жауапты маман: педагог- психолог Садирова Д.

↑