«МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА: БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ» іс-шарасы аясында Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Шыныққан отбасы – дені сау бала» атты үстел теннисінен жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Аталған спорттық шара мамыр айының 6-сы күні 5-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту және әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру болды. Қойылған мақсат өз деңгейінде жүзеге асты.
Жарысқа әкелер мен балалардан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар ептілік, жылдамдық және төзімділік көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе әке мен баланың бір командада өнер көрсетуі жарысқа ерекше мән берді.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен марапатталды.
І орынды – 5 «З» сыныбының атынан шыққан Айдабуловтар отбасы,
ІІ орынды – 5 «З» сыныбының атынан шыққан Нұрмұхановтар отбасы,
ІІІ орынды – 5 «Д» сыныбының атынан қатысқан Халдовлетовтар отбасы жеңіп алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, мұндай спорттық жарыстардың алдағы уақытта да жалғасын табат