Skip to content

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Ақтау қаласы бойынша 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Ақтау қаласында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Баланы басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету форматы: электронды және қағаз түрінде.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қажетті құжаттар:
• ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
• 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
• 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• 3×4 көлеміндегі 2 дана фотосурет;
• қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша өз мәртебесін растайтын құжат ұсынады (ықтиярхат, босқын куәлігі және т.б.).
Өтінішті:
• үй жағдайында онлайн түрде;
• мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады.
Құжаттар келесі жағдайларда қабылданбайды:
• құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда;
• құжаттардың мерзімі өткен жағдайда;
• мәліметтердің шынайылығы расталмаған жағдайда;
• белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
• сыныптағы орын саны толық болған жағдайда.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады.
🕘 Құжат қабылдау уақыты:
дүйсенбі–жұма аралығында, сағат 09:00–18:30.
(Мереке күндері мен демалыс күндерін санамағанда)

Leave a Reply