Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кәсіптер әлемі» атты сурет байқауы өткізілді. Байқауға тек 4-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:
Оқушыларға мамандықтар туралы түсінік беру, олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысы:
Байқау барысында оқушылар өздері таңдаған мамандық иелерін сурет арқылы бейнеледі. Әрбір оқушы өз жұмысында белгілі бір кәсіптің ерекшелігін, маңыздылығын көрсетуге тырысты. Қатысушылардың жұмыстары арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылып, бағалау жүргізілді.
Қорытынды кезеңде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдауға оң әсерін тигізді.




