2026 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-де мектептің 10–11 сыныптарынан құралған 15 оқушы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы 103 мекемесіне экскурсияға барды.
Экскурсия барысында оқушылар жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, мамандардың күнделікті қызметі, шақыртуларды қабылдау, науқастарға алғашқы көмек көрсету жолдары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар жедел жәрдем көліктерінің жабдықталуын көрді.
Іс-шараның мақсаты:
оқушыларға медициналық мамандықтың маңыздылығын түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білімдерін арттыру және кәсіби бағдар беру.