Skip to content

Досболайк: 8-сыныптар

📅 2025 жылғы 17 сәуір

«Досболайк» бағдарламасы аясында 8-сынып оқушыларына арналған «Досболайк: 8-сыныптар» атты тренинг өткізілді 🤝

✨ Тренингтің мақсаты:
оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру, жылы сөз айту мәдениетін дамыту және сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

👥 Қатысушылар: 48 оқушы

💬 Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді.

🌿 Нәтижесінде сыныпта достық пен сыйластық атмосферасы нығая түсті.

↑