2026 жылғы 23 сәуір күні №17 жалпы білім беретін мектепте мектеп инспекторы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Абдуалиев А. тарапынан 6-сынып оқушылары арасында «Буллингтен қорған!» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлерін (физикалық, психологиялық, кибербуллинг) ажырату, сондай-ақ буллингтің алдын алу жолдарын насихаттау болды. Кездесу барысында оқушыларға буллингтің зияны, оның салдары және мұндай жағдайларға тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі түсіндірілді.
Инспектор Абдуалиев А. оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы айтып, қиын жағдайларда ата-аналарға, мұғалімдерге немесе сенім телефондарына жүгінудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынас орнату және кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы тұру қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Түсіндіру жұмыстары тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.