2026 жылғы 21 сәуір күні №17 жалпы білім беретін мектепте маңызды ақпараттық семинар өткізілді.
👩⚕️ Іс-шараға Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары және «Ясин» жастар денсаулық орталығының өкілдері қатысты.
🎯 Семинар барысында:
– АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік
– Жұғу жолдары және алдын алу шаралары
– Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал
– Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу
– Буллинг мәселесі
кеңінен түсіндірілді.
👥 Іс-шараға 9–10 сыныптың 216 оқушысы қатысып, белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойды.
🤝 Мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау.