Skip to content

Жетістіктер

2025 жылдың 20 қазан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқу -әдістемелік орталығы ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді насихаттау мақсатында, қалалық жаратылыстану – математика пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Олимпиададан Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№ 17 жалпы білім беретін мектеп” КММ -нің “педагог -сарапшы” біліктілік санаттағы химия пәні мұғалімі Сарыбекова Фариза Дәрібекқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Фариза Дәрібекқызын жеңісімен құттықтаймыз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

2025 жылдың 31 қазан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Оқу -әдістемелік орталығы ” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді насихаттау мақсатында, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” олимпиадасының қалалық кезеңіне Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№17 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ешниязова Женис Сисенгалиевна ІІ орынға ие болды. Женис Сисенгалиевнаны жүлделі орынымен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісіңіз көп болсын!