Мектебімізде 8 мамыр күні 7-сынып оқушылары арасында «Жас Сарбаз» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты ояту және жасөспірімдердің әскери-патриоттық ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Байқау барысында әр сынып патриоттық әндерді орындап, сахнада өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар ән арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар мен ұстаздар көрермен ретінде қатысып, жас өнерпаздардың өнеріне жоғары баға берді.
Байқау соңында үздік өнер көрсеткен сыныптар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды