✨ Бүгін мектебімізде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Кеш қонақтары — ардагер ұстаздарымызға ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді. Шара барысында шәкірттер жүрек тебірентер ән шырқап, би билеп, әртүрлі музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Бұл күн ұстаздарымыздың мерейін үстем еткен, қуаныш пен алғысқа толы сәтке айналды.