Skip to content

«Жол қозғалысының жас инспекторлары» қалалық слеті өтті

2025 жылғы 23 сәуір күні №17 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтауға бағытталған «Жас жол инспекторы» қозғалысы аясында Ақтау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі мен қалалық білім бөлімімен біріге отырып №17 мектеп базасында  ұйымдастырған  «Жол қозғалысының жас инспекторлары» қалалық слеті өтті.
 Аталған іс-шара мектеп әкімшілігінің қолдауымен, жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері және  Ақтау қаласы Полиция Басқармасымен  бірлесе отырып өткізілді. Слетке қаламыздың жеті  мектебі қатысып,байқау қорытындысы бойынша  мектебіміздің “Сақ жүрек” командасы 2-орынға болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, жолда жүру ережелерін терең түсіндіру және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Шара барысында оқушылар:

  • Жол белгілері мен бағдаршам туралы білімдерін ортаға салды;
  • Арнайы викториналарға және интерактивті ойындарға қатысты;
  • Жолда жүру ережелеріне арналған қойылым көрсетті;

Іс-шара соңында белсенді қатысқан  8 «Ә» сынып оқушылары Талғат Мерей,

Доғдырбай Манарбек  және 7 «Л» сынып оқушысы Хусаин Аяна арнайы дипломдармен марапатталды.

Бұл қозғалыс балалардың жол қозғалысы ережелерін дұрыс меңгеруіне және жауапкершілігін арттыруға оң әсер етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *