Skip to content

«Сенім қанатындағы сынып» атты дөңгелек үстел өтті

«Маңғыстау облысындағы тірек мектептер желісі» жобасының Жол картасын іске асыру аясында «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбындағы жобалық жоспар негізінде “Шамшырақ”жобасы аясында 06.03.2025 жылы № 17 жалпы білім беретін мектептің 9»д» сынып оқушыларымен «Сенім қанатындағы сынып» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты -сыныпта сенімді қалыптастырудың маңыздылығын талқылау, оқушылардың арасындағы сенімді арттыру, достық пен бірлікке негізделген қолдау көрсету,оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, ортақ мақсатқа жетудегі сенімнің рөлін түсіндіру болып табылады.
Сыныпта оқушылар «Сенім» ұғымының маңыздылығы мен өзара қарым-қатынасты нығайту үшін не істеу керектігі туралы, достық пен ынтымақтастықты нығайтудың қандай жолдары бар екендігі туралы пікір алмасты.Сонымен бірге 1.Сенімді қалай қалыптастыруға болады?,2.Достық пен сыйластықты нығайту үшін не істеу керек?,3.Бір бірімізге көмек көрсету мен қолдау арқылы неге жетуге болады? деген сұрақтарға жауап беріп соңында «Саусақтардағы балл », «Екі кеме» ойындарын ойнап,сыныпта оқушылардың бір біріне деген сенімнің қалай маңызды екенін түсінді. Соңында оқушылар өздерінің қарым-қатынастарын жақсарту үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсінгендіктерін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *