Skip to content

Саламатты мектеп жобасы

Саламатты мектеп жобасы аясында 11.03.2026 жылы №17 жалпы білім беретін мектепте 8-сынып оқушыларына арналған лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәрісті терапевт Алибекова Мадина Назурллаевна, мектеп психологы Шаңғытбай Айгерім Бердіхожақызы және әлеуметтік жұмысшы Лавроненко Эвелина Владимировна өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға лудоманияның зияны, оның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірілді. Мамандар құмар ойындарға тәуелділіктің қалай пайда болатынын, оның алдын алу жолдарын және бос уақытты пайдалы әрі тиімді өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар оқушыларға интернеттегі ойындарға және бәс тігетін сайттарға тәуелді болудың қауіптілігі туралы мысалдар келтіріліп, өмірде дұрыс таңдау жасау, өз уақытын тиімді жоспарлау және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде кеңестер берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы жауаптар алды.
Дәрістің мақсаты – жасөспірімдер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету

Leave a Reply