Проф Маңғыстау жобасы және «Саламатты мектеп» жобасы аясында мектепте 4 маманмен кездесу жоспарланған болатын. Осыған орай Ясин емханасынан арнайы шақырылған акушер-гинеколог мамандары Мырзашева Н.Ж және Джумабаева Д.Х 11 қараша күні сағат 12:00-де 9–10 сынып қыз оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар өздерінің кәсіби бағыттары жайлы жан-жақты баяндап, қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас гигиенасы және денсаулықты сақтау бойынша маңызды ақпараттар берді.
Оқушылар мамандарға сұрақ қойып, пайдалы кеңестер алып, өз білімдерін толықтырды.
✨ Осындай кездесулер оқушылардың сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт береді.Балалардың денсаулығын сақтау мектептегі тәрбиенің бір бөлігі болып табылады дей келе қыздар қауымының денсаулығы – бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізілу қажет екені айтылды. Шараға 9-10 сыныптың 105 қыз балалары қатысты.#profmangystau


