13.11.2024 күні сағат 12:40-та «Оқушылардың білім сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараға мектеп әкімшілігі, білім сапасы төмен пәндердің пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілері қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат : Оқушылармен бірлесе жұмыс жасай отырып, әдіс -тәсілдерді тиімді қолдану арқылы сабаққа деген ынтасын, қабілетін, ойлауын, шығармашылық белсенділігін, яғни білім сапасын арттыру; Шарада алғашқы кіріспе сөзді мектеп директоры З.А Казиева сөйледі. Дөңгелек үстелде педагог-шебер, педагог -зерттеуші санатындағы білікті, тәжірибелі мамандар өз іс -тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы мамандар топқа бөлініп, «Қандай тәсіл қолданғанда білім сапасы артады, баланың ойына қонымды болады?» деген сұраққа жауап бере отырып, талқылауға белсене қатысты. Шара соңында өз ойларын айтып, кері байланыс жасалды.