«Проф Маңғыстау» жобасы және «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектебімізде 8 «Б» сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлауға бағытталған квест ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың түрлі мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, мамандықтардың ерекшеліктерін таныту, сондай-ақ логикалық ойлауын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту болды.
Квест барысында оқушылар әр бекетте түрлі мамандықтарға байланысты тапсырмаларды орындап, логикалық сұрақтарға жауап беріп, мамандықтарды нақты белгілері арқылы ажыратуды үйренді. Сонымен қатар командалық бірлік, шапшаңдық және шығармашылық ойлау дағдыларын көрсетіп, белсенділік танытты.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын оятып, кәсіби бағдарға деген ынтасын арттырды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды.
#profmangystau