Проф Маңғыстау жобасы аясында 10–11 сынып оқушылары арасында қызықты және пайдалы іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға 100-ден астам оқушы қатысты.
Оқушыларға:
кәсіби бағыттарын анықтауға арналған сауалнама;
қызығушылықтарын бағалайтын тесттер;
әртүрлі мамандықтар туралы түсініктер;
ҰБТ және гранттарға 2025 жылғы жаңартулар;
сондай-ақ, Еңбек.kz платформасы арқылы онлайн курстар оқып, сертификаттар алу мүмкіндігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
✨ Іс-шара оқушыларға өз болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, кәсіби қызығушылығын анықтауға және қосымша білім алу жолдарын жоспарлауға мүмкіндік берді. #profmangystau



