16 мамыр күні мектебімізде “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік ойынының финалы болды. Финалдық ойынға кезеңдік ойынның үздік ойыншылары, 9-сынып оқушылары: Өмержанов Әділхан, Сарина Альбина, Қуанышқызы Ақерке, Асхатқызы Ақниет, Чадыкулова Нұрай және Ким Анель қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде жас зияткерлер жоғары білімдерін көрсетіп, Чадыкулова Нұрай “Жылдың үздің ойыншысы” атанды. Финалдық ойынды клуб жетекшісі Танбаева Н.Ш. және клуб мүшелері, 9-сынып оқушылары: Шулезбаева Сабина, Шамшеденова Диляра, Сатмағанбетова Камила, Кұсайн Айәсем жоғары деңгейде өткізді. Оқу жылы барысында клуб ойындарына қатысқан барлық жас зияткерлерге алғысымызды білдіреміз!





