2025 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де мектебімізде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластықты арттыру және буллингтің алдын алу.
Флешмобқа барлығы 43 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар арнайы ұрандар көтеріп, бейбіт әрі бірлікке шақыратын қимылдар көрсетті.