Skip to content

«Мемлекеттік тіл ме, әлде қарым-қатынас тілі ме: қайсысы маңызды?» тақырыбында пікірсайыс

15 мамыр күні 7-сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл ме, әлде қарым-қатынас тілі ме: қайсысы маңызды?» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту, пікірталас жүргізе білу қабілеттерін жетілдіру және тілдік алуандылыққа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қатысушылар екі топқа бөлінді: бір команда мемлекеттік тіл – қазақ тілінің басымдығын қорғады, ал екінші команда көптілділіктің және орыс тілі мен басқа тілдерде еркін қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын жақтады.

Оқушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, өз ұстанымдарын сенімді түрде қорғап, пікір алмасу мәдениетін көрсете білді.

Қорытынды бойынша қазылар алқасы І және ІІ дәрежелі дипломдарды табыстады.
Жетекшісі: Жанаберген Г.М.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *