Сынып сағатының мақсаты:
патриоттық сезімді және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;
ұлттық мақтаныш пен бірлік сезімін нығайту.
Сынып сағаты барысында оқушылар төмендегілерді зерделеді:
мемлекеттік рәміздердің (Ту, Елтаңба, Әнұран) маңызы мен тарихын;
нышандардың түстері мен элементтерінің мағынасын;
мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау ережелерін;
еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтудағы рәміздердің рөлін.


