Мектебімізде Мектеп парламенті президентін сайлау өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, олардың мектеп өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру болды.
Дауыс беру ашық әрі әділ түрде ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың белсенділігін арттырып, өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік берді.