Маңғыстау облысындағы тірек мектептер желісі» жобасының Жол картасын іске асыру аясында «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» тақырыбындағы жобалық жоспар негізінде 18.02.2025 жылы 9- сынып оқушылары арасында оқушылардың білім сапасын анықтауға арналған сауалнама алынды.
Сауалнаманың мақсаты: 1.Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін анықтау. 2.Оқу мотивациясын бағалау.
3.Оқу процесінің тиімділігін және оқушылардың қатысуын тексеру.
Сауалнамада оқушылардың білім деңгейін, пәндер бойынша түсініктерін, оқу мотивацияларын және оқу процесіне қатысты жалпы көзқарастарын зерттеуге бағытталған сұрақтар жиынтығы қамтылды. Мұндай сауалнама жобаның тиімділігін бағалауға, оқу процесінде кездесетін қиындықтарды анықтауға, сондай-ақ оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

