Қыз баланың қоғамдағы орны мен болмысы қашанда ерекше құрметке ие. «Қыз қылығымен көрікті» деген халық даналығы қыздың сыртқы келбетіне емес, ең алдымен оның тәрбиесіне, мінезіне, инабаттылығына, мәдениетіне, іс-әрекетіне назар аударады. Қазақ халқы қыз баланы «шырақ», «болашақ ана», «үйдің ырысы» деп қадірлеп, оған ерекше мейірім мен талаппен қараған.
8”Б”сынып қыздарының арасында “Қыз қылығымен көрікті”тақырыбында тәрбиелік мәні бар сабақ өткізілді.Сабақ барысында қыздар өз ойларын еркін жеткізіп,қызға керек құнды мәліметтермен таныс болды.