Құжаттарды қабылдау 22.08.2025 ж. бастап 01.09.2025 ж. дейін жүргізіледі
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
3) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) “денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы бойынша анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) сотталмағаны туралы анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-сарапшының, педагог-модератордың, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 ақпандағы №57 бұйрығына 12-13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) флэш-дискідегі 5 минуттық бейне презентация.
