2025 жылдың 31 қазан күні 8 “А” сынып оқушылары Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Қоғам дерті” атты әлеуметтік-психологиялық қойылымға барып қатысты.
Шара барысында оқушылар түрлі өмірлік жағдаяттарға куә болып, адамның дұрыс және бұрыс таңдау жасауының салдарын көрді. Қойылым әсерлі де тәрбиелік мәні жоғары болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы тереңірек ойланып қайтты.
Күзгі демалыс кезінде ұйымдастырылған бұл іс-шара балалардың рухани дүниесін байытып, әлеуметтік жауапкершілігін арттырды.
Сынып жетекшісі: Мамедова Н.К

