Skip to content

Кітапхана клубы

Бүгін мектеп кітапханасында «Кітапхана клубы» аясында оқушылармен алғашқы кітап талқысы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ой еркіндігін дамыту және әдеби шығармалар арқылы тұлғалық көзқарастарын қалыптастыру.

Талқы барысында оқушылар өздері оқыған кітаптың мазмұны, негізгі идеясы, кейіпкерлерінің мінезі мен әрекеттері жайлы пікір алмасты. Әр оқушы өз ойын ашық айтып, сұрақтар қойып, өзара әсерлі диалог жүргізді.

Кітапхан клубы аясындағы бұл алғашқы қадам оқушылардың қызығушылығын оятып, алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Шығарма атауы: Нұрила Бектемірованың “Адамның күні адаммен” әңгімесі.
Клуб жетекшілері: Нұргүл Кенжетайқызы
Айгерім Шахмарданқызы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *