Skip to content

Қаржылық сауаттылық туралы

21.01.2026 жылы №17 жалпы білім беретін мектепте «Ата-ана қолдау орталығы» сабағы және «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Қаржылық сауаттылық туралы» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналар мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасылық бюджет жүргізу мәдениетін қалыптастыру, заң аясында қаржылық жауапкершілікті түсіндіру.

Спикер:

Сдыкова Гулшат Габиденовна – Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің экономика пәндері оқытушысы.

Жиналыс барысында қаржылық сауаттылық ұғымы және оның өмірдегі маңызы,отбасылық бюджетті жоспарлау және шығынды тиімді басқару,жинақ жасау және қаржылық мақсат қою;несие мен қарыз алудағы жауапкершілік,қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары сияқты мәселелер қарастырылды.

Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар қаржылық сауаттылыққа қатысты пайдалы мәлімет алып, сұрақтарына нақты жауаптар алды. Мұндай сабақтар ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, оқушылардың болашақтағы қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз.

Leave a Reply