“Қамқор жобасы” аясында “Үнемді тұтыну” бағыты бойынша оқушылар арасында энергияны тиімді пайдалану, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай 11 қараша – Халықаралық энергияны үнемдеу күніне арналған арнайы бейнеролик түсірілді. Видеода электр энергиясын үнемдеудің қарапайым, бірақ тиімді жолдары көрсетілді. Атап айтқанда: артық жарықты сөндіру, тұрмыстық техникаларды пайдаланбаған кезде тоқ көзінен ажырату, энергия үнемдейтін шамдарды қолдану, суды және жылуды үнемдеу жолдары түсіндірілді.