Skip to content

Қайырымдылық акциясы

“Қамқор” жоба аясында 3”Б” сынып оқушыларының қатысуымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты-оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Акция ата-аналардың рұқсатымен және қолдауымен өткізілді. Сынып оқушылары ұйымшылдық танытып, акция жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Жиналған азық-түлік өнімдері мұқтаж отбасыға көмек ретінде жеткізілді. Бұл шара оқушыларға жақсылық жасаудың маңызын түсіндіріп, қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейді.
Осындай қайырымдылық іс-шаралары оқушылардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, бір-біріне деген жанашырлық сезімін арттыруға үлкен үлес қосады. Жақсылық жасау-кішкентай жүректен басталады.

Сынып жетекшісі: Жұмабай Зәмзәгүл Амангелдіқызы

Leave a Reply