Skip to content

Энергетика колледжіне танымдық экскурсия

30 қаңтар күні сағат 10:00-де кәсіптік бағдар беруші маманның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларына Энергетика колледжіне танымдық экскурсия жасалды. Шара барысында келесі бағыттар бойынша мағлұмат берілді:
Энергия жүйесі: Мамандар энергия көзінің қалай өндірілетінін және электр тоғының жалпы желіге қалай қосылатынын практикалық тұрғыда көрсетті.
Стратегиялық нысандарды қуаттандыру: Әуежайлар (аэропорт) мен теміржол вокзалдары сияқты ірі нысандардың үздіксіз ток көзімен қалай қамтамасыз етілетіні, олардың ерекшеліктері мен қауіпсіздік жүйелері түсіндірілді.
Заманауи технологиялар: Оқушылар IT-кабинетте болып, соңғы үлгідегі технологиялармен танысты.
VR-технология (Виртуалды шындық): Қатысушылар виртуалды шындық көзілдіріктері арқылы энергетикалық нысандардың ішкі жұмысын цифрлық форматта көріп, заманауи лаборатория жұмысын тамашалады.

Leave a Reply