«Саламатты мектеп» жобасы аясында №17 жалпы білім беретін мектепте 8-9 сыныптар арасында “Дұрыс тамақтану , жақсы жағы және қарсылықтар” тақырыбында пікірталас-жиналыс өтті.Жиналыста дәріс оқыған врач-нутрициолог Амангалиев Руслан.
Спикерлер оқушыларға адамға қандай тағам пайдалы екендігі туралы, “Дұрыс тамақтану-бұл калорияларды бақылау және шексіз диеталар емес, бұл қажетті тағамдар: ет, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, жемістер, көкөністер, жаңғақтар бар толық диета. ондай – ақ дұрыс диетаны сақтау керек” екендігі туралы және қазіргі кезде белең алып,тіпті жастар арасында да көбейіп жатқан әр түрлі аурулар мен олардың пайда болу себептерін түсіндіріп,интерактивті тақтадан оқушыларға бейнеролик көрсетілді.


