«Дені сау ұрпақ жарқын кепілі» атты ұранымен Репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Репродуктивті денсаулық – бұл халық пен даму жөніндегі Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторларға мыналар жатады:- жаман әдеттер;- жыныстық жолмен берілетін аурулар;- дұрыс тамақтанбау;- жасы;- психоэмоционалды жағдай;- экологиялық жағдай;- денсаулық мәселелері.Репродуктивті жүйенің ауруларының алдын алу және емдеумен репродуктивті денсаулықты қорғау мамандары айналысады. Репродуктивті денсаулықты сақтау дегеніміз – сау ұрпақты көбейту функциясын қалпына келтіруге және сақтауға көмектесетін бірқатар шаралар.2025 жылдың 15-ші мамырында «МО ЯСИН» гинеколог-ювенолог Бектұрсын Тлектес Бектұрсынқызы №17 мектеп оқушыларына « Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбына семинар-лекция өткізілді.« Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? сауалдар бойынша ой қозғап, оқушылармен пікір алмасылды.Жасанды түсіктің қыз баланың болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30%-ы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтылды. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа саламатты өмір салтын ұстап, қауіп-қатер факторларынан арылып,уақытты тиімді пайдалану негізі бойынша ұсыныстар айтылды. Шараның соңы сергітумен аяқталды. Кездесу барысында 80 қыз балалар қатысып қозғалған ашық тақырыптарға, қойылған барлық сұрақтарына нақтылы жауаптар алынды, және видео-роликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылды.