6 «Д» сыныбында «Цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік: әлеуметтік желілер мен онлайн-ойындардың қауіп-қатері, балаларды қорғау бойынша ұсыныстар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қазіргі таңда балалар күн сайын орасан зор ақпарат ағынымен бетпе-бет келіп, ересектер байқай бермейтін түрлі қиындықтар мен қауіптерге тап болады.
🎯 Жиналыстың мақсаты: кәмелетке толмағандардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың сауаттылығы мен құзыреттілігін арттыру.
Жиналыс барысында:
Сынып жетекшісі интернеттегі ең жиі кездесетін қауіп-қатерлерді атап өтті;
Баланың желідегі әрекетін бақылауға арналған практикалық кеңестер мен арнайы құралдар ұсынылды;
Ата-аналармен бірге баланың гаджеттер мен әлеуметтік желілерді пайдалану уақытын сауатты реттеу мәселелері талқыланды.


