«Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасы аясында 5 «Д» сыныбында «Цифрлық әлемдегі қорғану тәсілдері» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі түйіні:
- Желілік қауіпсіздік: Ресми және қорғалған сайттарды пайдаланудың маңыздылығы, қоғамдық Wi-Fi желілерін қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат берілді.
- Цифрлық мәдениет: Оқушыларға цифрлық мәдениет пен жауапкершілік туралы түсіндірілді. Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау — жеке деректерді ғана емес, сонымен қатар адамның психологиялық саулығын қорғаудың кепілі.
- Сауатты мінез-құлық: Цифрлық кеңістіктегі сауатты әрі жауапты мінез-құлық — жеке қауіпсіздіктің негізі.
Тәрбие және даму мәселелері:
Сонымен қатар, жиында бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды:
✅ Күн тәртібі мен дұрыс тамақтану;
✅ Сөйлеу мәдениеті және мектептегі тәртіп;
✅ Жауапты әрі тәрбиелі тұлға қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі.
Бұл сабақ мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және оқушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын құруға септігін тигізді.