2026 жылдың 21 қаңтарында 8 «А» сыныбында «Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары»тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы түсінік қалыптастыру және жеке қауіпсіздігін сақтауға үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға қауіпті онлайн ойын түрлері, әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер, жалған сілтемелер мен белгісіз тұлғалардан келетін қауіптер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау, құпиясөзді дұрыс пайдалану, күмәнді хабарламаларға жауап бермеу сияқты қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Сынып сағаты интерактивті түрде өтіп, оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, өмірлік жағдайларға байланысты пікір алмасты. Білімдерін бекіту мақсатында тест тапсырмалары ұсынылып, оқушылар белсенді түрде жауап берді.
Іс-шара нәтижесінде оқушылардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік туралы білімдері артып, интернетті дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану қажеттігін түсінді.
Сынып жетекші: Мамедова Н.К


