Skip to content

Біз татумыз

📌2026 жылғы 11 ақпан күні 8 “Б” сыныбында “Біз татумыз” тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды достыққа, бірлікке, өзара сыйластыққа, түсіністік пен татулыққа тәрбиелеу, ұжым ішіндегі жағымды қарым-қатынасты нығайту болды.

Сынып сағаты барысында оқушылар татулық, сыйластық, кешірімділік туралы ойларымен бөлісіп, топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырмалар және пікірталас арқылы белсенділік танытты. Сонымен қатар, достық туралы нақыл сөздер айтылып, өмірлік жағдаяттар арқылы бір-бірін түсінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті. Сабақ соңында оқушылар татулық пен бірліктің адам өміріндегі маңызды құндылық екенін түсініп, өз ой-пікірлерін қорытындылады.

Сынып сағаты өз мақсатына жетіп, тәрбиелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі: Ташхинова Фариза Мухтаровна

Leave a Reply