Skip to content

“BILIM JÁNE BOLASHAQ” халықаралық білім беру көрмесі

14 қазан күні Ақтау қаласының 17-шағын ауданындағы Оқушылар сарайындаBilim jáne bolashaq” атты халықаралық білім беру көрмесі өткізілді.
Бұл көрмеге еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру бағытында кең көлемде ақпарат ұсынды.

Іс-шараға мектебіміздің 11-сыныптарынан 30 оқушы қатысты. Көрме барысында оқушылар әртүрлі университеттердің өкілдерімен тілдесіп, оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, шетелдік тәжірибелер мен қабылдау талаптары жөнінде маңызды мәлімет алды.

Көрмеге келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты:

ATU University

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (КеАҚ)

Medical Academy

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Zhubanov University

Sport Bilim Damu

Kazakh University of Technology and Business

ALT University

Әр университеттің өкілдері өз оқу орнының ерекшеліктері, білім беру бағыттары, гранттық жүйелері мен шетелдік серіктестіктері туралы жан-жақты консультация жүргізді.

Көрме оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, түрлі жоғары оқу орындарымен танысып, өз білім жолын жоспарлауға зор мүмкіндік берді.

Leave a Reply