Skip to content

Bilim jáne bolashaq

14 қазан күні Ақтау қаласының 17-шағын ауданындағы Оқушылар сарайында “Bilim jáne bolashaq” атты халықаралық білім беру көрмесі өткізілді.
Бұл көрмеге еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру бағытында кең көлемде ақпарат ұсынды.
Іс-шараға мектебіміздің 11-сыныптарынан 30 оқушы қатысты. Көрме барысында оқушылар әртүрлі университеттердің өкілдерімен тілдесіп, оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, шетелдік тәжірибелер мен қабылдау талаптары жөнінде маңызды мәлімет алды.
Көрмеге келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты:
ATU University
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (КеАҚ)
Medical Academy
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Zhubanov University
Sport Bilim Damu
Kazakh University of Technology and Business
ALT University
Әр университеттің өкілдері өз оқу орнының ерекшеліктері, білім беру бағыттары, гранттық жүйелері мен шетелдік серіктестіктері туралы жан-жақты консультация жүргізді.
Көрме оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, түрлі жоғары оқу орындарымен танысып, өз білім жолын жоспарлауға зор мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *