2025 жылғы 27 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Қазақстан балалары” ұлттық онкүндігі аясында “Бала үні” күні аталып өтті.
Аталған іс-шара аясында қала әкімі Әбілқайыр Байпақов мектеп президенттерімен кездесу өткізді. Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар әкіммен ашық пікір алмасып, көкейлерінде жүрген мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Мектебімізден бұл маңызды кездесуге мектеп президенті, 11 “В” сынып түлегі Таргинов Алихан қатысты.
Кездесу барысында оқушылар мен қала басшылығы арасында ашық диалог орнап, балалардың үнін есту, пікірін ескерудің маңыздылығы айқын көрінді.
Шара оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, оларды қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандырды.