10 ақпан күні мектебімізде әскери-патриоттық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға 25744 әскери бөлімінің Зениттік дивизионы сержанты, аға сержант Хайитматов Камронбек Тургунбаевич, сондай-ақ барлау ротасының сержанты, гвардия аға сержанты Алимбаев Ахмет Аманжолұлы қонақ ретінде қатысты.
Кездесу 8–9 сынып оқушыларына арналды. Мақсаты – оқушылардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, Отан қорғау жауапкершілігін түсіндіру және патриоттық рухты нығайту.
Қонақтар әскери қызметтің ерекшеліктері, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы, сарбазға қойылатын талаптар туралы әңгімелеп, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жастарды білімді, тәртіпті, физикалық және рухани тұрғыдан мықты болуға шақырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Іс-шара жас ұрпақтың елжандылық сезімін арттырып, болашақта Отанға адал қызмет етуге деген ынтасын күшейтті.