1 наурыз – еліміздегі ерекше мейрамдардың бірі – Алғыс айту күні. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, сыйластық пен татулықты дәріптейтін маңызды мереке.
Осы айтулы күнге орай мектебімізде арнайы бейнеролик дайындалды. Видеода оқушылар мен ұстаздардың жүрекжарды алғыстары, жылы лебіздері мен ізгі тілектері қамтылған.
Алғыс айту – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Қарапайым «рахмет» сөзінің өзі үлкен қуаныш пен жақсылыққа бастайды.
Баршаңызды мерекеге арналған бейнероликті тамашалауға шақырамыз!
Жақсылық жасап, алғыс айтып жүрейік!
2 “Ғ” сыныбы.
Сынып жетекшісі: Кунбаева У.Н