9–10 сынып оқушыларының кәсіптік бағдарлау жұмыстарының жай-күйі туралы
“Еңбегі адал жас өрен” аясында 2025–2026 оқу жылы шеңберінде 9–10 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына бағыт беру және қазіргі еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыру.
Жүргізілген жұмыстар:
1. Сауалнама жүргізілді
Оқушылардың жеке қалауы, болашақ жоспарлары, мамандық туралы түсінігі мен қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижелері олардың кәсіби бейімділігін айқындауға көмектесті.
2. Қызығушылық пен қабілетті анықтайтын тест жұмыстары
Оқушыларға кәсіби бағыттылығын анықтайтын тест және қандай мамандыққа икемі бар екенін көрсететін 30 сұрақтық кәсіби бағдар тесті жүргізілді. Тест нәтижелері бойынша әр оқушының жеке бағыты анықталды.
3. Мамандықтар туралы ақпараттық слайд көрсетілді
Әртүрлі мамандықтардың ерекшелігі, талаптары, оқу орындары және болашағы туралы ақпарат берілген презентация көрсетілді.
4. Enbeg.kz (Еңбек кз) платформасы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Оқушыларға Еңбек.кз сайтында тегін онлайн курстардан өтіп, сертификат алуға болатындығы туралы ақпарат берілді.
5. Маман шақырылып, кездесу ұйымдастырылды
Өз саласының маманы арнайы шақырылып, оқушыларға кәсіби жолы, жұмыс ерекшелігі және қажетті дағдылар туралы ақпарат берді.


