Skip to content

Ақпарлама

2025 жылғы 11 қазан күні сағат 12:30-да Оқушылар сарайын да «Bіlіm jane bolashaq» атты халықаралық білім беру көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты — мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындары жайлы толық мағлұмат беріп, мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету болды.

Аталған іс-шараға мектебіміздің 11-сынып оқушыларынан 30 оқушы таңдалып, көрмеге қатысып қайтты.

Көрме барысында оқушыларға түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері ақпарат берді. Атап айтқанда, көрмеге келесі университеттер қатысты:

Zhubanov University,

Халықаралық инженерлік технологиялық университет,

Семей медициналық университеті,

Kazpotrebsoyuz University,

МТИ (Мәскеу технологиялық институты),

TURAN-Astana университеті.

Көрмеде оқушылар университет өкілдерінен оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері, қабылдау талаптары туралы толық ақпарат алып, өздеріне ұнаған оқу орындарымен танысты.

Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың болашақ мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттырды.

Leave a Reply