Skip to content

Ақпарлама

11.10.24 күні сағат 10.00-де 11 сынып оқушыларымен қатысуымен жиналыс болып өтті.
Қатысқандар :11а,б,в,г сынып оқушылары мен сынып жетекшілері , директоры Казиева З.А , оқу ісі жөніндегі орынбасар Издибаева А.А
Жиналыстың мақсаты:
1.ҰБТ дайындығын күшейту
2.ҰБТ туралы ақпарат беру
Тыңдалды:
1.Мектеп директоры З.А.Казиева қысқаша мәлімдемесі тыңдалды
Зарифа Ахмедулаховна оқушыларға ұбт ережелері туралы,дайындық туралы,мамандық таңдау бойынша ,сабаққа қатысым туралы,тәртіп мәселесі бойынша,байқау сынықтары туралы мәлімдеме жасады.

  1. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Издибаева А.А қысқаша мәлімдемесі тыңдалды
    11 сынып оқушыларына таңдау пәндер комбинациялары туралы ,шектік балл, ұбт ережелері ,дайындық туралы,ұбт-ға өтініш беру,ұбт форматы,тестілеу тапсырмаларының нысаны туралы жете тоқталып түсіндірді.ҰБТ-ның мерзімі,грант уақыты,ҰБТ кезіндегі тәртіп,артық заттарды апармау т.б
    2024 жылпы талапкерлер 5 рет ҰБТ тапсыра алады .Яғни 2рет грант конкурсына ,3 рет ақылы оқу орнына түсуге мүмкіндік беріледі.
    Енді ҰБТ тапсыру үшін түлектерге 3 сағат 30 минут (210 минут) уақыт беріледі. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілетін.
    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады.
    ҰБТ форматы: бес пән (үш міндетті + екі бейіндік)
    “Математикалық сауаттылық” – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
    “Оқу сауаттылығы” – 10 тапсырма, 10 ұпай, шекті балл – 3.
    “Қазақстан тарихы” – 20 тапсырма, 20 ұпай, шекті балл – 5.
    1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
    2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *