Skip to content

Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы

Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Еңбекқорлық және кәсіптік бірлік» айының шеңберінде мектебімізде Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрік Республикасының жоғары әскери оқу орындары мен мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасының бөлім бастығының тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Ташенов Ермек Нұрланұлы оқушыларға ақпарат берді.
Ол өз сөзінде аталған мемлекеттердің әскери оқу орындарына түсу талаптары мен гранттық мүмкіндіктер туралы айтты.
Атап айтқанда, Алматы қаласында 50 балл жинаған оқушы грант иегері атанатынын, ал Анкара қаласында 70 балл жинаған оқушы толық грантқа ие болатынын жеткізді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери мамандықтар мен олардың болашағы туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Іс-шараға тек 11-сынып оқушылары қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *