Skip to content

«Қамқор» жобасы

Тәуелсіздік және отаншылдық айлығы аясында, «Қамқор» жобасы шеңберінде 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай 10 «Д» сынып оқушылары сәбилер үйіне барып, игі іс жасады.

Оқушылар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қамқорлық танытып, мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адамгершілік, қайырымдылық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Қайырымдылық — жүректен шығатын ізгілік 🤍

↑